Австралиялық ұшқыш әуеде 40 минут бойы ес-түссіз болған

519216.jpg

Ұшқанға дейін ол түнде нашар ұйықтаған, ал таңғы асқа тек шоколад жепті.

Әуеге көтерілгенде оның басы ауыра бастаған, сондықтан ол ұшақты автоматты басқару режиміне қойған. Диспетчерлер ұшқышпен байланыс орнатуға тырысқан, алайда ол есін жиған кезде ғана байланысқа шыға алған. Сонымен қатар, ұшақты тек диспетчерлердің көмегімен қондырыпты.

Ұшқыш тәжірибеден өткен Аделаидтың жазғы мектебі мұндай оқиғалардың алдын алуды көздеп отыр. Енді мекеме әкімшілігі ұшар алдында ұшқыштардың соңғы ұйқысы қанша уақытқа созылғанын және таңғы асқа не жегенін мәлімдеуді міндеттемек.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/



Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Австралиялық ұшқыш әуеде 40 минут бойы ес-түссіз болған
  • Халықаралық іздеу жарияланған қарағандылық Украинада қолға түсті
  • Үлкен қауіптің алдын алған сарбаз
  • «Ағалық болашақ» арнасының блогеріне қатысты ақпарат
  • Петропавлдықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті