Петропавлдықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті

fe1de4c4e612431cf988eb08b735a272.jpeg

Жиналғандарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек құттықап, еліміздегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген жандарға жылы лебізін арнады.

«7 мамыр - біз үшін батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен қайсарлық нышанына айналған мейрам. Сала ардагерлері мен жауынгерлерді құрметтеу күні. Қай дәуір болмасын, кез келген елде ұлттар мен ұлыстардың татулығын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу – әскери сала мамандарының міндеті. Осы қызметте Сіздерге толағай табыс тілеймін», - деді ол.

Марапат алғандардың қатарында Петропавл қаласындағы ҚР Ұлттық ұлан Әскери институты бастығының орынбасары Азамат Ғабдуллин да бар. Ол өзіне көрсетілген құрмет - еліміздің ішкі әскерлеріне офицерлер даярлайтын жоғары оқу орының ұжымына берілген жоғары баға  екендігін айтады.

«Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Алғыс хатына ие болдым. Қуаныштымын. Ардагерлерді, әріптестерімді, жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Ел игілігі үшін істеп жүрген еңбектері жемісті болсын. Қазақстанымыз өркендей берсін!», - деді қуанышымен бөліскен Азамат Ғабдуллин. 

Петропавлда Отан қорғаушылар күні кеңінен аталып өтті. Ағынтай мен Қарасай батырларға арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімінен басталған мерекелік шаралар тізбегін Спорт сарайында қазақ күресінен өткен «Қызылжар барысы» турнирі жалғады. Қаладағы кинотеатрлардың бірінде «Қара майор» фильмінің тұсауы кесілді.  «Мен батырмын» байқауы  мерекелік бағдарламаның нүктесін қойды.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Петропавлдықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті
  • Жол-көлік оқиғаларының алдын алуды күшейту керек
  • Таксист пен сатушы. WhatsApp-та жалған хабар таратқан екі адам ұсталды
  • Патриоттық сайыста 30 жылдық тарихы бар ауыл клубы жеңімпаз атанды
  • Түркістанда «Аманат» азаматтық алаңы жұмысын бастады