СҚО-да 1700 орындық 4 студенттiк жатақхана салынады

5e55840ddf9187db0896ac73f789e79a.jpg

Петропавлда инвестор Денис Бернат 1700 орынға шақталған 4 жатақхана салуды көздеп отыр. 280 орындық бiрiншi жатақхана қолданысқа берiлдi. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жаңа жатақханада болып, студенттермен тiлдестi.

Қазiр Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 7 мың студент бiлiм алуда, оның 3158-i басқа қалалардан келген. Осы күнге дейiн 1776 студент баспанамен қамтылған жоқ. Орын жетiспеушiлiк мәселесi жаңа жатақханаларды салу арқылы шешiлуде.


«Елбасының «5 әлеуметтiк бастамасы» аясында бiз университет басшылығымен бұл мәселенi жүйелi түрде шешiп жатырмыз. Бұл жұмысқа жеке инвесторлар тартылуда. Олар 280 орындық жатақхананы қайта қалпына келтiрдi. Жаңа оқу жылында 330 орындық тағы бiр жатақхана ашылады. Сөйтiп, тек бiр жылдың iшiнде 610 студент баспанамен қамтылады. Яғни, орын жетiспеушiлiк 34% қысқарып, 1116 орынды құрамақ. Мәселенi толық шешу үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланамыз», - дедi Құмар Ақсақалов.

Жаңа оқу жылында СҚМУ-де 8 мың студент оқитын болады. Өңiр басшысы тиiсiнше орындар да көбею керек дегенді айтты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да 1700 орындық 4 студенттiк жатақхана салынады
  • Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді
  • Бұрынғы қонақ үй 500 орындық жатақхана болады
  • Павлодарда студенттік театр фестивалі өтті
  • «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы арқылы Отаныңды әлемге жақындата біл!