Дұрыс тамақтанған бала білімге құштар болады

eda11.jpg

Сондықтан да елімізде «Дұрыс тамақтану үздік білім алудың жолы!» атты арнайы бағдарлама қабылданған. Бірақ, оның орындалуын үйінде ата-ана да қадағалауы тиіс. Өйткені тамақ өнімдерінің құрамы мен қасиеті оқушының денсаулығына, физикалық дамуына, еңбек қабілетіне, эмоционалды күйіне және жалпы өмір ұзақтығына тікелей әсер етеді. Ал, дұрыс тамақтану тек калорийларды есептеу және қатаң диеталардан емес, ағзаны толыққанды рационмен қамтамасыз етуден тұрады. Олар: ет, дәнді дақылдар, жеміс-жидектер. Рационды таңдау дұрыс тамақтануды қамтамасыз етудің басты талаптарының бірі, сонымен қатар оны күнделікті қадағалап отыру да маңызды.

Дұрыс тамақтану қағидаларын естен шығармаған жөн. Ең алдымен баланың денсаулығына көңіл бөліп, жейтін тамағының сапасына көңіл бөлу керек. Ол үшін төмендегі ережелерді сақтаған дұрыс.

Рационға байланысты ереже:

 1. Фастфуд туралы ұмытып, тәтті тағамдарды азайтсын;

 2. Мүмкіндігінше көбірек маусымдық азық-түлікті жегені жөн. Маусымдық азық-түлік дегеніміз жаңа піскен, жаңа дайындалған өнімдер. Жылыжайларда өсірілген қысқы жеміс-жидектер немесе алыстан әкелінген көкөністер химикаттармен өңделуіне байланысты және ұзақ сақталуы нәтижесінде құрамындағы пайдалы заттардан айырылады. Олар тек пайдасыз, нәрсіз өнімдер ғана емес, нитраттар мен өзге химиялық қосылыстардың көзіне айналады.

 3. Рафинадталған өнімдерді: қантты, өсімдік майын, ақ бидай ұнын, тазартылған ақ күрішті  мейлінше тұтынбауын қадағалаңыз. Ақ нанның орнына кебек нан жеген пайдалы, ал рафинадталған қантты қоңыр қантқа немесе балға алмастырған жөн.

 4. Суды жеткілікті мөлшерде ішсін. Шай, кофе және шырындар суды алмастыра алмайды. Тәулігіне адам салмағының әр 1 килограмына 30-35 мг сұйықтық ішуі керек. Газдалған тәтті сусындардың денсаулыққа пайдасынан зияны көп. Сонымен қатар суды ішкенде бір ретте бір стақанды сіміре салуға болмайды. Бір стақан судың өзін әр жұтқан сайын ауыз қуысын толтырып, бірнеше бөлікке бөліп ішсін.

 5. Белокты тағамдар туралы ұмытпаңыз. Ол балаңыздың – оқушының ұзақ уақыт өзін тойып жүргендей сезінуге мүмкіндік береді әрі аминқышқылдарға бай. Аминқышқылдары не үшін қажет десеңіз, олар ағзада белок түзіп, зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Адам ағзасында аминқышқылдардың 28 түрі бар. Олардың біреуінің ғана тапшылығы тез шаршауға, бастың ауыруына, бойдың өспеуіне, анемияға және т.б. кәнаратқа әкелуі мүмкін. Белоктар ағзаға бұлшықет тіндерін қалыптастыру, ескі торшаларды алмастыру үшін қажет. Белокқа бай өнімдерге ет, балық, кальмар, таңқышаян, жаңғақ, саңырауқұлақтар, бұршақ тұқымдастар, жұмыртқалар мен ірімшік жатады.

 Режимге байланысты ереже:

1.Міндетті түрде тамақтану режимін сақтасын. Күні бойы өзін астан шектеп, ашқұрсақ жүру де, өте жиі тамақтанып, үнемі ас шайнап жүру де зиян. Сау адам күніне 4-5 рет тамақтануы тиіс. Тамақтану арасындағы уақыт 5 сағаттан асса бұл метаболизмді баяулатып, ағзаның үнемдеу режиміне кетуіне әкеледі. Нәтижесінде ағзада май жинала бастайды. Балаңызды теледидар алдында немесе телефон шұқылап отырғанда тамақ ішпеуге үйретіңіз. Бұл жағдайларда ол ішіп отырған асын қадағалай алмай қалады, тойғанын білмейді. Жалпы, адам тойғанын тамақ ішіп отырғанда сезінбейді. Тойыну сезімі ас ішкен соң 5-10 минуттан кейін білінеді.

 2.Күнделікті аздаған мөлшерде болса да жемістер мен көкөністер жесін. Жемістер мен көкөністердің ұсынылатын мөлшері әрқайсынан 300 г. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы