Шетелдік дәрігерлер шеберлік бөлісті

  46b23833-cbc3-4b0c-a9d9-91dd145e7f07.jpg

 Шетелдік білікті дәрігерлер №3 облыстық перинаталды орталығында, облыстық балалар ауруханасында және Түркістан қалалық орталық ауруханасында науқастармен кездесіп, медициналық тексеруден өткізді, тиісті кеңестерін берді.


   Конференция барысында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан елдерінің мамандары «Жаңа заманның үздік  медицина моделі» бойынша жиын өткізді. Шетелдік қонақтарды «МИР через ДУХОВНОСТЬ» қоғамдық қорының жетекшілері бастап келді.


  Қайырымдылық шарасына профессор, тәжірибелі дәрігер, Лондондағы Корольдік жалпы қолжетімді клиникалық аурухананың офтальмологы Доктор Сурендра Кумар қатысуда. Ол Үндістанда, Пәкістанда, Ауғанстанда, Шри-Ланкада, Ресейде, Боснияда, Замбияда, Кенияда және Оңтүстік Америка елдерінде халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болып табылады. 14 жылдан астам уақыт бойы Тереза анамен тығыз қарым-қатынаста абыроймен еңбек еткен.


   Шетелдіктердің қатарында Ұлыбританияның мемлекеттік денсаулық сақтау қызметінде кеңесші, European  Paedіatrіc Lіfe support курсының директоры, неврология және онкологияға маманданған бас педиатр, Халықаралық медициналық волонтерлік лагерьлердің қатысушысы доктор Никхила Пандия да болды. Англиядан келген білікті маманның тағы бірі – доктор Ума Гордон. Ол гинеколог-кеңесші, Бристоль университеті клиникасының аға оқытушысы және бедеулікпен ауыратын науқастарға арналған Бристоль клиникасының клиникалық директоры, британдық жасанды ұрықтандыру қоғамының өкілі және спермограмма сапасын бақылау жөніндегі қоғамның клиникалық өкілі саналады.


   Ал, Америка құрлығынан Мичиган университетінің гастроэнтерология, ішкі медицина бөлімдерінде қызмет ететін медицина профессоры доктор Хари Конживирам мен тәжірибелі гастроэнтеролог және гепатолог Анн-Арбор келді.  Доктор Кондживарам медик-студенттер, GІ резиденттері мен стипендиаттарының жаһандық білім алуына белсене қатысады.  Ол 2017 жылы білім беру саласындағы жан-жақты жетістіктері үшін марапатқа ие болды және американдық гастроэнтерологиялық қауымдастықтың «білім беру саласындағы үздік еңбегі үшін» марапатына ие болған.


  Жоспарға сәйкес, шетелдік білікті мамандар түске дейін дәріс оқыса, тәуліктің екінші жартысында түркістандық дәрігерлермен білгендерін іс-тәжірибеде бөлісті.

Рейтинг газеті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы