Есімов жігіттерге маңызды мәселені түсіндірді

top_72894e49be255e02b5363340b8ec098d.jpg

  – Өкінішке қарай, активтеріне тыйым салынуына байланысты қорды шет елдердегі сот процестеріне ұдайы тарту практикасы белең алуда. Атап айтқанда, 2017 жылы Стати талаптары бойынша қорға тиесілі құны 5 млрд АҚШ долларын құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылды. Ал 2018 жылы Aktau Petrol-дың республикаға қойған талаптары бойынша қорға тиесілі 38 млн АҚШ доллары көлеміндегі Түркиядағы Шекербанк акцияларына тыйым салынды, – деді Ахметжан Есімов.


  Мұндай келеңсіздіктер қор активтерінің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде. Бұл өз кезегінде елдің инвестициялық климатына да кері әсерін тигізеді.


  – Бұны мен Роман Васильевич (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі) ғана емес, басқа да жігіттер осы мәселенің біз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсылап түсінсін дегенім ғой. Осыған байланысты біз Әділет және Қаржы министрліктерінен Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған xалықаралық процестер бойынша шешімдерді орындау меxанизмін әзірлеуді ұсынған едік. Ондай меxанизм болса, ол арқылы ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтеріне тыйым салудан қорғануға болады, – деп атап көрсетті А.Есімов.


  Үкімет отырысынан кейін Ахметжан Есімов айтқан жігіттердің бірі – Әділет министрі Марат Бекетаев аталмыш мәселеге қатысты түсініктеме берді.


  – Инвесторлар «Самұрық-Қазынаның» активтерін не үшін бұғаттауға тырысады? Себебі, олар «Самұрық-Қазынаны» Үкімет толықтай бақылап отыр деп ойлайды. Тиісінше, қор Үкімет алдында жауап беруге міндетті деп санайды. Біз мұнымен келіспейміз, әрине. Сондықтан қаржы министрлігімен және «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, – деді Марат Бекетаев. Министрдің айтуынша, акционер акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Тиісінше, компания да акционердің міндеттемелері бойынша жауап беруге міндетті емес. Өйткені, екеуі екі бөлек заңды тұлға болып саналады.


  – Сондықтан біз инвесторлардың іс-әрекеттеріне қарсы шағымданып жатырмыз. Шетелдік шағымданушылардың өтемақыларын өтеу бойынша арбитраждық шешім шықты. Тиісінше, біз апелляцияға береміз. Осы аралықта өтемақыны төлеу уақытша кешіктіріледі. Себебі, біз мәселенің анық-қанығын анықтауға тиіспіз. Өйткені, төлейтін сома әлдеқайда аз болуы мүмкін. Тіпті, төленіп қоюы да ықтимал. Апелляциялық шағым түсірудің мәні де осында жатыр. Ал біз сот шешіміне қарсы шағым түсіргенше, шетелдіктер қордың активтерін бұғаттауға өтініш береді, – дейді Бекетаев.

Рейтинг газеті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы