Әкімдердің монополистерге сөзі өтпей тұр

монополист.jpg

  Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, Павлодар облысында коммуналдық қызмет құны бір жылда 2,7 пайызға, Қостанай облысында – 2,2 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында 1,9 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында – 1,4 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 0,9 пайыз, Қызылорда облысында – 0,8 пайыз, Қарағанды облысында – 0,5 пайыз және Түркістан облысында 0,4 пайыз қымбаттап отыр.


  Ал Елбасының тапсырмасын лайықты орындаған өңірлердің көш басында Алматы, Ақмола облыстары тұр. Бұл өңірлердегі коммуналды қызмет ақысы былтырғы үш айдың көрсеткішімен салыстырғанда тиісінше 7,5 пайызға және 5,5 пайызға арзандаған. Одан кейін Жамбыл мен Маңғыстау облысында және Нұр-Cұлтан қаласында коммуналды қызмет ақысы 2,9 пайызға арзандаса, Шымкент қаласында – 2,7 пайызға, Алматы қаласында – 2,2 пайызға, Ақтөбе облысында – 1,8 пайызға, Атырау облысында 1,7 пайызға арзандапты. Ал коммуналдық қызмет түрлеріне жекелей тоқталар болсақ, үйді күтіп-ұстау ақысы 1,2 пайызға, үйді жалға беру құны – 4,9 пайызға, үйді жөндеу – 4,4 пайызға, қоқыс шығару 8,4 пайызға қымбаттаса, суық су – 3,4 пайызға, ыстық су – 4,8 пайызға, кәріз жүйесі қызметі – 2,9 пайызға, электр энергиясы – 5 пайызға, орталық жылыту ақысы 8,8 пайызға арзандаған.

Рейтинг газеті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы