Алматыда ер адам граната жарылысынан зардап шекті

3a6ac6929daa168582dc454e9d644b56.jpg

Қала тұрғыны тауып алған гранатаны үйіне алып бармақ болған, алайда ол оның қолында жарылып кеткен. Қаланың денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен адамның жағдайы жайлы айтып берді.

«Науқас таңғы сағат 7-де жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалу, оң жақ білек жарақаты, жоғарғы демалу жолдарының күюі, басының 2-3 дәрежелі термиялық күйігі диагноздары қойылды. Оған бірден клиникалық-зертханалық тексеріс жүргізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр», - дейді Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті науқастың неден күйіп қалғандығы белгісіз екендігін, нақты неден жарақат алғандығын айта алмайтындықтарын жеткізді.

«Алматы қаласының Жетісу ауданында белгісіз затты пайдалану кезінде 1985 жылы туған И. Есімді азамат термиялық күйік алды. Қазір ол қаладағы медициналық мекеменің бірінде ем қабылдауда», - деді полициядағылар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыда ер адам граната жарылысынан зардап шекті
  • Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
  • Сөз зергерлері сынға түсті
  • Павлодарда ХІ пәндік олимпиада өтуде
  • Пәкістанда болған құмды дауылдан 5 адам көз жұмды