Сөз зергерлері сынға түсті

Screenshot_3.jpg

15-16 сәуір күндері болашақ журналистер С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде ХІ Республикалық журналистика олимпиадасы аясында сайысқа түсті. 

   Аталмыш шараға еліміздің әр өңіріндегі 17 жоғарғы оқу орнынан 51 студент келген. Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланған.

   Сайыстың ашылу салтанатында олимпиада өтіп жатқан оқу орнының ректоры Ахметова Гаухан Ғалымқызы сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірінші күні студенттер өздерін таныстырып, эссе жазса, келесі күні тест тапсырып, жедел ақпарат таратты. Оған қоса, «Ертіс өңірі менің әсерімде» атты тақырыпта 2-3 минуттық бейнеролик түсірді.

   Осы орайда, жас журналистерге университет әкімшілігі қаланы аралатып, шағын экскурсия жасады. Олар Мәжһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешіт, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі, Ертіс жағалауы сынды Павлодардың көрікті әрі тарихи мекендеріне барды.

Республикалық пән олимпиадасының мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студент жастарды қолдау. Олардың кәсіптік шеберлігін көтеріп, қабілет-қарымдарының өлшем деңгейін анықтау.

Камила Долаева

ХАТУ студенті

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы