ШҚО білім беру мекемелеріне 100 мың оқулық сатып алынған

6eeb73243c888eb22e938bd363ac077a.jpeg

«Өткен жылы мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер, жалақылар, жәрдемақылар, шәкіртақылар және өмірлік маңызы бар басқа да кепілді төлемдер толықтай төленді. Мемлекеттің өндірістік емес салаға түрлі бағдарламалар бойынша бағыттаған қаражат 196 миллиард теңгені құрады», - деді ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов.

Басқарма басшысының хабарлауынша, өткен жылы облыстағы орта мектептерге 55 мың, ал техникалық орта білім беру нысандарына 45 мың оқулық сатып алынған. Бұдан бөлек, дарынды балаларға арналған сегіз мектеп материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылып, Семей қаласындағы медициналық колледжге студенттер жатақханасы алынған. Сегіз білім ордасы толықтай жөндеуден өткізіліп, 167 мекеме «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Wi-Fi желісімен қамтылды.

«Әлеуметтік саланың тағы бір ажырамас бөлігі саналатын денсаулық сақтау жүйесіне де назар аударылды. Атап айтсақ, 300 мыңнан астам тұрғынды иммунды-профилактикалық жұмыстармен қамту мақсатында түрлі вакциналар мен препараттар сатып алынды. Балаларды екпемен қамту көрсеткіші 95%-ды құрады. Бұл алдын ала екпемен 95% баланы қамту жоспарының толықтай орындалғандығын көрсетеді. Сондай-ақ 247 мыңнан астам ВИЧ-ке қарсы және салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған шаралар ұйымдастырылды», - деп қосты басқарма басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы