Әр ауданда, әр ай сайын...

feb97510-4e4b-49bb-8d62-5b367bc711e2.jpg

Былтыр Түркістан облысының әрбір ауданында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар, фестивальдер өткізілді. Әр ай сайын мыңдаған адамның қатысуымен қазақ мәдениетін салт-дәстүрі мен туризмін, насихаттайтын жобалар жүзеге асты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арасында облыста алғашқы рет  дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын кешенді шаралар жүйесі қолға алынды.

Қазақ мифологиясында ықылым заманнан бері Наурыз тойы алғаш Қазығұртта тойланған деген аңыз бар. Осы орайда Қазығұрт тауының баурайында «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасы өткізіліп, оған  20 мыңдай адам қатысты.

Бәйдібек ауданында өткен «Қымызмұрындық» іс-шарасында ежелгі дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру мақсатында саумал, құнан қымыз, түнемел қымыз, хан қымыз түрлері таныстырылып, қымыз баптаушылар, қолөнер шеберлері байқаулары, сәйгүліктер сайысы өтті.

        Алғаш рет Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қорғау және сол аймақтың туристік әлеуетін көтеру мақсатында «Қызғалдақ» фестивалі өткізілді.

307f48a3-78f3-4c77-a3ac-97b740aad2f5.jpg

Үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында «Туған жерге тағзым –Ордабасыға оралу» атты шара өтті. Төле би ауданында халықаралық көркемсурет «Қасқасу» пленэрі өткізіліп, түрлі ердерден келген суретшілер өңірдің тамаша табиғатын туындыларына арқау етті.

Жетісай қаласында «Қауын fest» облыстық фестивалі өткізілді.   Фестивальдің мақсаты – бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпкерлікті дамыту, бақша өнімдерін, терең өңдеуді қолға алу және диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатында «Safari Shardara» фестивалі қолға алынды.   Бұл іс-шараға жұртшылық пен туристік фирмалардың қызығушылығы жоғары болды. Түлкібас ауданында «Салбурын – мереке ғой саятшыға» іс-шарасы ұйымдастырылып, мұнда да ұлттық дәстүрлер паш етілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
  • Сөз зергерлері сынға түсті
  • Павлодарда ХІ пәндік олимпиада өтуде
  • Пәкістанда болған құмды дауылдан 5 адам көз жұмды
  • Елімізде орташа айлық көлемі өсті