Қарағандыда латын графикасына көшу бойынша тренингтер өтуде

f36499979aa2921717fff5e8529c683b.jpg

Тренингті Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Үш байлық» ҚБ бірлесіп ұйымдастырады. Жұмыс тобы осы күнге дейін Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарында болып қайтты.

Аталмыш дәрістерде модератор ретінде "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы сөз сөйледі. Ол қатысушыларға жаңа кестеге кезең-кезеңмен көшу, артықшылықтар, әліппе ережелері жобасы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

«ICoder» ЖШС өкілі Рымбек Ізғали жаңа әліппені зерттеу үшін қандай IT-жобалар мен компьютерлік бағдарламалар жасалғанын айтып берді. Тренинг қатысушылары қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі туралы барлық ақпарат жинақталған «Qazlatyn.kz» ұлттық порталмен танысты.

«Оқытудың келесі кезеңін сәуір және мамыр айларында өткізу жоспарлануда. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әр сенбі нөмірінде «Jańǵyrý jazýdan bastalady» айдарында мақалалар жариялайтын болады. Бұл алыс елді мекендердің тұрғындарына жаңа әліпбиді өз бетімен үйренуге мүмкіндік береді», дейді мамандар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы