Шекарашылар заңсыз тауардың жолын кесті

26429035ba5baaad12c206f9a8e4395f.jpg

1980 жылы туған Өзбекстан азаматы жекеменшік автокөлігімен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 3200 дана әртүрлі киім-кешек пен 20 кг насыбай әкеле жатқан екен. Заңсыз жүк актіленіп «Тәжен» кеден бекетіне тапсырылды.

Сонымен қатар, Солтүстік шекарада Ресейге кетіп бара жатқан жүргіншілердің жеке көліктерінен аңшы мылтығының оқ-дәрілері мен арнайы қорғаныс құралдары табылды.

 Мемлекеттік шекарадан өткен кезде қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы қорғаныс құралдарын алып өтуге болмайтындығын білмеген, немесе біле тұра естен шығарып алған азаматтар жиі опық жеп жатады. Кешелі-бүгінді Солтүстік шекарада (Қостанай. «Қайрақ-авто») бір азамат (ресейлік) газ тапаншасымен (оқ-дәрілерімен бірге), бір Қазақстан азаматы аңшы мылтығының оқ-дәрілерімен (Павлодар. «Найза авто»), Қостанай мен Семейдің «Аят-авто», «Үбе-авто» бөлімшелерінде 4 адам әртүрлі маркалы электрошокерлермен ұсталып, полиция бөлімдеріне тапсырылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы