Астана әкімдігі 21 мың теңге жәрдемақы мен баспанаға қатысты түсініктеме берді

2fe2cc484bc41c37e8226de0f76354e1.jpg

Оқырмандардың бірқатары мемлекет тарапынан берілетін 21 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу үшін үйдегі кіріс пен тауық-сиыр секілді барлық мүлік есептелу-есептелмеуі турасында сауал қойды. 

«Атаулы әлеуметтік көмек алу шартында ата-аналардың басында үй, жер телімі және қорасындағы 5-6 тауығы, оның жұмыртқасы, 1-2 сиыры мен оның сүті кіріске есептеледі ме?» деген Алтынбек Алтынбек есімді оқырман сұрағына қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы жаңа өзгерістер бойынша Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері мен Батыр аналардың қосымша ешқандай кірісі есептелмейтінін айтты. Сол сияқты, басқа көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасылар үшін де тауық-сиыр табыс ретінде қарастырылмайды. 

Сондай-ақ, Эльвира Жүргенбаева 21 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер ала алатынын шамалап есептеп берді. 

«Бүгінде елімізде күнкөріс минимумы 29 698 теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін атаулы көмекті бір адамға шаққанда күнкөріс деңгейінің 50 процентінен, яғни, 14 849 теңгеден аспайтын отбасылар алса, енді Президент тапсырмасы бойынша аталған көрсеткіш 70 процентке – 20 789 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Демек, көпбалалы отбасының жалпы табысын әрбір адамға бөлгенде ақшаның сомасы  күнкөріс деңгейінің 70 процентіне, яғни, 20 789 теңгеге жетпесе, әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы беріледі», - деді әкімдік өкілі Өміржан Шарғынов атты азаматтың сауалына жауап беріп. 

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы берген жауаптарға сәйкес, 4 баласы барлық аналар көпбалалы ана ретінде есепке алынады және бұл ретте белгілі бір мерзімге дейін төртінші баласы дүниеге келгендер ғана бұл статусты иеленеді деген жаңсақ пікір.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астана әкімдігі 21 мың теңге жәрдемақы мен баспанаға қатысты түсініктеме берді
  • Көктемнің басы жауын-шашынды болады
  • Данияр Ақышев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
  • "Барыстықтардың" жалақысы белгілі болды
  • Шекарашылар 275 литрге жуық ішімдікті елімізге заңсыз енгізуге тосқауыл болды