Шекарашылар 275 литрге жуық ішімдікті елімізге заңсыз енгізуге тосқауыл болды

f0b51458c0302b7fb0b02ae4ec0a384f.jpg

«Қорғас ауылында орналасқан халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағынан Қазақстанға қарай шығар залда кеше шекара наряды 20 шөлмек (10 литр) иесіз алкоголь өнімдерін (виски) тауып «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырды. Сонымен бірге, әдеттегідей, тағы да 9 кг Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек те табылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қордайлық шекарашылар «Мерседес-бенц» (спринтер) автокөлігімен елімізге келе жатқан 59 жастағы бір Қырғыз Республикасының азаматынан 12 шөлмек (18 литр) шарап, 38 жастағы қазақстандықтың Фольксваген пассат автокөлігінен 246,6 литр арақ тауып, актілеп, уақытша сақтау қоймасына тапсырды. 

«Бұл азаматтардың ісімен Қордай аудандық мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері айналысатын болады», - деп толықтырды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шекарашылар 275 литрге жуық ішімдікті елімізге заңсыз енгізуге тосқауыл болды
  • Табиғи апаттардан қаржылық қорғанудың механизмі талқылануда
  • Алматыда көктемгі марафон өтеді
  • Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен кейін ауруханаға түсті - БАҚ
  • Павлодар облысының 32 елді мекенін су басу қаупі бар