Соңғы үш жылда 72 мың адам жұмыспен қамтылды – Байбек

ff4ef8600955094fac2cbe9dda917604.jpg

Оның айтуынша, жалақыны көтеру мен жұмыс орындарын құру қазір кәсіпкерлердің қолында. Өйткені бизнес ел экономикасын дамытудың негізі.

«Президент айтқандай «Қазақстандықтарды жалақымен және жұмыспен қамтитын бизнес» болып отыр. Сондықтан біз кәсіпкерлік үшін жағдай жасап, инвестиция тартуда қолдауымыз керек. Өздеріңізге белгілі Алматыда бизнес үшін жақсы жағдай жасалуда. Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Алматы 28 орынды иеленді. 2015 жылы 77 орында едік»,- деді ол.

Сонымен қатар ол, салықтық жүктемені төмендету үшін Президент бұйрығымен 19 мың салық төлеушіге рақымшылық жасалғанын айтты.

«19 мың салық төлеушінің 15 млрд теңге айыппұлы кешірілді. Қазіргі таңда бес мың кәсіпкердің 2 млрд теңге айыппұлына рақымшылық жасау тұр»,- деді әкім.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы үш жылда 72 мың адам жұмыспен қамтылды – Байбек
  • Өзбекстан 100 мың сомдық банкнотты айналымға шығарады