Ақтау қаласындағы Rixos директорына 2 миллион теңге айыппұл салынды

Карантин кезінде Ақтауда жүздеген адамды жинап, концерт ұйымдастырған Rixos қонақүйінің директорына 2 миллион 333 мың теңге айыппұл салынды.

Ирина Риксос.jpg

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы концерт Ақтаудан 20 шақырым жердегі демалыс кешенінде болған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Трионың ән кешінде ине шаншар жер болмаған. Ал сахна мен көрерменнің арасы екі  метрден аспайды. Әуенге еліткен көрермен карантин талаптарын мүлде ұмытқан. Ауру өршіп тұрған кезде сауық-сайран ұйымдастырған қонақүй басшысына мониторинг топ 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

- Ақтау қаласының бас санитар дәрігері Әсима Жарылғасова: «Әлеуметтік желіден Ақтаудағы ірі демалыс кешінінде концерт ұйымдастырылғанын көрдік. Біздің мониторинг топ бұл жағдайды назарға алып, хаттама толтырып, нысан иесі жауапкершілікке тартылды. Егер айыппұлды бір аптаға жеткізбесе,  800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлейді, – деді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды