«Алдағы үш айда 6 млн адам вакцина алады» - Асқар Мамин

Алдағы 3 айда 6 млн адам вакцина алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Аскар Мамин.jpg

- Қазіргі біздің басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру. Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, - деді Үкімет басшысы. 

Оның атап өтуінше, қыркүйек айында 10 миллионға жуық вакцинациялауға жататын адамдарға вакцина салуды аяқтауды жоспарланып отыр. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі. 

- Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалынды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде 3 айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, - деді Асқар Мамин.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Алдағы үш айда 6 млн адам вакцина алады» - Асқар Мамин
  • Қызылордада жоғалып кеткен үшінші қыз Алматыдан табылды
  • 533 млн Facebook қолданушысының жеке деректері көпшілікке мәлім болды
  • Алматы облысының тұрғыны пара алған әйелін құзырлы органдарға ұстап берді
  • Тоқаев бес заңға қол қойды