Алматы облысының тұрғыны пара алған әйелін құзырлы органдарға ұстап берді

Талғар тұрғыны әйелінің заңды түрде жазаға тартылғанын талап етті. Ол өз әйелін Алматы мектептерінде бірінде заңсыз ақшаны қолма қол айналдыруға көмектесті деп күдіктенеді. Әйелінің былығын байқаған ер адам ол туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне жүгінді деп xабарлайды Астана телеарнасы.

photo_357010.png

Ер адам өз әрекетін "орын алған қылмыстық фактіні жасыра алмаймын" деп түсіндірді. Тимур Балыкчин осыдан 4 жыл бұрын әке атанды. Әйелі бала күтімі демалысына шығып жұмыс істемесе де оның шотына ақша түсе бастаған.

"Менің әйелім өзінің әріптестерімен, атап айтқанда мектеп директоры және бухгалтерімен оның шотына ақша түсіп отыруы тиіс деп келісімге келген. Яғни ол заңды демалысына қарамастан жұмыс істеп, тиісінше ақша түсіп тұрды деген секілді. Сөйтіп өз картасын әріптестеріне берген", - деді Талғар қаласының тұрғыны Тимур Балыкчин.

Оның айтуынша, әйелі арқылы мектеп директоры мен бухгалтері оның әйелі арқылы ақшаны заңсыз түрде қолма-қолға айналдырған. Басында ол әйелін заңсыз ақша түсуден бас тартуын сұрап, кейін полицияға барып мойындауын сұраған. Әйелінен заңсыз түрде табыс табу туралы естіген ер адам, алдымен өзінің ар-абыройы бұзылатыны туралы ойлаған.

"Иә, әйелім өз әрекетін уақытылы қойды. Бірақ, одан осы уақыт аралығында түскен зейнетақы төлемін жоюын сұраған. Яғни тексеру жүретінін айтқан. Оған қоса ҚР ҚК-тің 65 бабына сәйкес өз айыбын мойындаудан бас тартты. Мен оған кезінде ескерткенімді айттым. Болмаса бәрін өзім айтамын", - дейді әйелінен күдіктен ол.

Ер адам әйелінің теріс әрекеттері туралы құқық қорғау органдарымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне де арыз жазған. Оның арызын мемлекеттік ішкі аудит департаментіне жөнелткен.

"Заң бұзушылық анықталған жағдайда арызданушының шағымы негізінде сот алды тергеу жұмыстары жүргізіледі. Оның нәтижесі туралы Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қосымша хабарлайды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма төрағасы Алик Шпекбаев.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды