«Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар бір рет баспана ала алады» - Бейбіт Атамқұлов

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу кезегінің тізіміне адамның қайта тұруына жол берілмейді, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында, деп хабарлайды Oinet.kz.

Бейбит Атамкулов.jpg

Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы бұған дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-тың негізінде толыққанды даму және қолдау институты "Отбасы банкін" құрып, оған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды өткізуді тапсырған, - деді Атамқұлов.

Оның айтуынша, "Отбасы банкі" базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын бір жерден тіркеп, есепке алып, оны қадағалайтын "Тұрғын үймен қамсыздандыру орталығы" құрылады. Сондай-ақ бұл орталық тұрғын үйдің қолжетімділік сатысы бойынша қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес, баспананы таратып береді.

- Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасымен біріктірілетін болады. Базаға екінші мәрте қосылуға жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, - деді министр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар бір рет баспана ала алады» - Бейбіт Атамқұлов
  • Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты
  • Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам (видео)
  • Қазақстандағы барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты
  • Қосанов келесі Президент сайлауына түсе ме?