«Вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтереді» -Тоқаев

Мемлекет басшысы елімізде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталғанын хабарлады. Азаматтарды вакциналауға арналған барлық шығындарды мемлекет көтеретіндігін айтты.

Тоқаев.jpg

- 1 ақпанда Қазақстанда COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинация басталды. Біз эпидемияға қарсы әлемдік тәжірибені қолданамыз, вакцина пандемияны жеңудің жалғыз сенімді құралы. Азаматтарды вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтерді. Қарсы көрсеткіштері жоқ азаматтарымыз бұрын-соңды болмаған пандемияда вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді деп сенемін, - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қазақстанда коронавирустық инфекциямен ауырғандардың жалпы саны 187 970-ке жетті. Қайтыс болғандар саны 2556-ға дейін өсті. аурудан айыққан науқастардың саны 168 мыңнан асты. Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядантуындаған пневмониямен 47 874 науқас тіркелді. Оның 570-і көз жұмды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды