«Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату» - Мұхтар Тайжан

Белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжан еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа үндеу жариялады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Сапархан мен Мұхтар Тайжан.jpg

- Мен естуімше, Сапархан Омаров мырза, ауыл шаруашылығы министрі, президент жариялаған Жер комиссиясының құрамына мені кіргізгісі келмей жатыр. Ол түсінікті, менің көзқарасым министрдің көзқарасына қарама қайшы ғой. 

Бірақ Жер мәселесі тек сіздің жеке мәселеңіз емес, немесе тек Атамекен ұйымының, немесе тек фермерлердің, - Жер деген жалпыұлттық мәселе. Мен сіздің жеке отбасылық тойыңызға барайын деп тұрған жоқпын. Жер мәселесімен міне 5 жыл айналысып келе жатырмын. 2016 жылы сәуір айында сол жер митингісін ұйымдастырғаным үшін мені полиция 2 рет үйімнен алып кететін жайттар болды.

Сондықтан сол Комиссияға кіру, Жер мәселесін түбігейлі аяғына дейін жеткізу - ол менің моралдік құқығым, ал халықтың алдында - үлкен парызым. Маған кедергі жасамаңыз, немесе өзіңізге ауыр тиеді. 

Әділетсіз сайлау, сыбайлас жемқорлық - бұл мәселелер уақытша ғана. Ал Жерсіз мемлекетіміз құриды, ыдырап кетеді. Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату - түбі соған апарады. Ал біз оған жол бермейміз.

Комиссия арқылы болмаса, Жер мәселесін біз басқаша шешуге кірісеміз. Қалай болса да, халықтың талабын орындалуын қамтамасыз етеміз. Сондықтан мәселені үлкен қақтығысқа апармай үстелдің басында шешкеніміз жөн - деп жазды Мұхтар Тайжан. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды