Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды иттер талап өлтірді

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастады, деп хабарлайды Liter.kz басылымы.

image.png

Қайғылы жағдай 15 қараша кешке саяжайдағы көшелердің бірінде болған. 

Қаңғыбас иттер қызды жабылып қапқан. Ата-анасы қыздың дауысын естіп көшеге атып шығады. Жедел жәрдем қызметкерлері тез жеткен. Алайда қыз қайтыс болған.

- Бүгін сағат 17.00-де Полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен хабарлама түсті. Олар алты жасар қызды иттер талап, қайтыс болғанын айтты. Ол жерге жедел-тергеу тобы шықты. Қыз неге қараусыз жүрген, соның салдарынан иттердің арасында қалғаны анықталып жатыр, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар жасалады. Қала әкімдігіндегілер саяжайға иттерді ұстау қызметі шығып кеткенін мәлімдеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды