Президенттің өртеніп кеткен кабинеті көрсетілді (видео)

«Вечерный Бишкек» басылымының интернеттегі сайты «Ақ үйде» отставкіге кеткен президент Сооронбай Жээнбековтың өртеніп кеткен  кабинетінен түсірілген видеоны жариялады.  

image.png

Қазанның 5-інен 6-ына қараған түні көтерілісшілер Жоғарғы Кеңестің ғимаратын басып алды. Жас жігіттер ішке кіріп, техникалар мен жихаздардың талқанын шығарған. Ғимараттың жетінші қабатында президент отыратын бөлмелерге от қойылған. Өрттен Жээнбековтың қабылдау бөлмесі мен қызметтік бөлмесінен түк те қалмаған. 

- Бұл бәріміз үшін сабақ болуы тиіс. Елдің ендігі басшылары бұл күндерді ұмытпауы тиіс, - деп жазған осы видеоны алғаш жариялаған Жоғарғы Кеңестің баспасөз хатшысы Ибраим Нуракун уулу. 

Баспасөз хатшысы осы аптада өз еркімен жұмысынан босап кеткен.

<iframe width="1019" height="573" src="https://www.youtube.com/embed/kZwCHzw3d1A" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
  • Президенттің өртеніп кеткен кабинеті көрсетілді (видео)
  • Тоқаев Абайдың туған жеріне жасаған сапарынан видео жариялады
  • Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді
  • Назарбаев 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беруді тапсырды