Тоқаев Өзбекстан президентімен Қырғызстандағы жағдайды талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.image.png

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері көпғасырлық ажырамас достық пен тату көршілікке, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік қағидатына негізделген екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін және коронавирус індетінің салдарын тезірек еңсеру мақсатында екі ел үкіметтерінің арасындағы тәжірибе алмасуды ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында тауар айналымын арттыруға, бизнес пен аймақтық деңгейдегі іс-қимылдарды кеңейтуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге баса мән берілді.

Тоқаев пен Мирзиёев өңірдегі жағдайға байланысты пікір алмасты. Сондай-ақ, Қырғызстандағы ахуал елдің Конституциясы мен заңнамалық нормаларына сәйкес тезірек тұрақтанатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас қырғыз елімен одақтастық байланыстарды және стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беріп отырғанын айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды