Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

3 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония мен COVID-19 бойынша ақпарат жарияланды.

© Тұрар Қазанғапов

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 53 адам емделіп шықты.

Ал коронавирус бойынша, үш адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта инфекциядан 3 256 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1 463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланды. 21 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды