Отандық дипломдар Еуропаға да жарамды

image.png

Енді елдегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропаға да жарамды болады. Ол үшін Қазақстанның білім ордаларында қосымша тағы бір диплом берілмек. Бұл бастаманы білім және ғылым министрлігі 2021 жылы бастап жүзеге асырғалы отыр. Осылайша Болон процесі арқылы шетелдік азаматтарды да Қазақстан біліміне қызықтырмақ ниетте.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Болон процесі хатшылығы қабылдаған өзін-өзі сертификаттау бойынша есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді» дейді.

Айта кетейік, Болон процесі еңбек нарығында 1999 жылы 29 елдің Білім министрлігінің бастамасымен құрылған. Басты мақсат – еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын дамыту, еуропалық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды