Әли Бектаев төрағалыққа сайланды

12 тамызда өткен Сенат сайлауында Ольга Перепечина, Әли Бектаев, Сергей Ершов және Айгүл Қапбарова сенатор болып жаңа мерзімге қайта сайланды. Сондай-ақ, сенаторлар қатарына жаңадан 13 депутат қосылды. Палатаның осы аптада өткен отырысында олар ант қабылдады.

image.png

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  жаңадан сайланған депутаттардың қызметіне табыс тілеп, кәсіби біліктіліктері мен мол тәжірибелерін заң шығару қызметінде кеңінен пайдаланатынына және Сенат жұмысына тың серпін беретіндеріне сенім білдірді.

Сонымен қатар отырыс барысында Сенат төрағасының орынбасары болып Нұрлан Әбдіров сайланды. Одан бөлек, Жоғарғы Палата комитеттерінің құрамы белгіленіп, олардың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Владимир Волков, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Ольга Перепечина, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Дәурен Әділбеков, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Мұрат Бақтиярұлы, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.

Уақтысында Түркістан облысында аудан әкімі, басқарма төрағасы, Түркістан қаласының әкімі, сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары лауазымын екі мәрте атқарған Әли Бектаев 2014 жылдан бергі аралықта сенат депутаты. Ол аталған комитетке бұған дейін де жетекшілік еткен болатын. Ә.Бектаев сонымен бірге «Ауыл» партиясының төрағасы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назарбаев 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беруді тапсырды
  • Қазақстандағы COVID-19: Өткен тәулікте тағы 94 адам ауру жұқтырды
  • Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
  • Боксшы Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
  • Қазақстанда бір тәулікте 107 адам коронавирус жұқтырып, 154 адам аурудан айықты