Шымкенттің емханаларында құрылған арнайы топ 15 мың науқасқа қызмет көрсеткен

Шымкентте жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Емханалар жанынан құрылған 58 мобильді топ бүгінгі күнге дейін 15 мың науқастың үйлеріне барып, медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200725005513842a3676505i.jpg

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету тобының жетекшісі Жібек Сейдалинаның айтуынша, шақыртулардың басым бөлігі салқын тию мен дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтелге байланысты болған. 

«Екі ауысыммен жұмыс істейтін медицина мамандары бір күнде 15-тен астам науқасты қарайды және телефон арқылы кеңестер береді. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, кезекші ауруханаға жеткізеді. Сонымен бірге, мобильді бригада қызметімен диспансерлік есепте тұратын 38 556 азаматқа дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілді», - деді Жібек Сейдалина. 

Бұдан бөлек, мобильді бригада диспансерлік есепте тұрған 474 444 азаматқа қоңырау шалып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша кеңестер берді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды