Түркістан облысында вегетациялық кезеңдегі жыл сайын туындайтын ағын су тапшылығы шешілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев қатысуымен Түркістан облысынан арнайы делегация Өзбекстан Республикасында Мақтарал, Жетісай өңірлерінде вегетациялық кезеңдегі жыл сайын туындайтын ағын су тапшылығын шешу мақсатында іс-сапарда болды. 

image.png

Нәтижесінде, Өзбекстан Республикасы тарапынан «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы шілде айында 80 м³/сек, тамыз айында 70 м³/сек су жеткізуге келісімге келіп, ағын сумен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен қосымша 14,9 м3/сек су беріліп, мәселе шешілді.

Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістан қаласын ағын сумен толық қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. 

«Түркістан магистралды каналын бетонмен қаптау жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша 60 млн. м3 ағын суды үнемдеу» жобасы бойынша - 10,7 км жер жұмыстары, 10,3 км бетонмен қаптау, 3,3 км Г үлгідегі бетон блоктарын демонтаж жұмыстары жасалынды. Республикалық бюджет есебінен 4,0 млрд. теңге қаржы қаралды.  Жоба құны – 14,3 млрд.тг.  

«Сыйымдылығы 18,0 млн. м3 болатын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу» жобасы бойынша - негізгі бөгетінің орындары тегістеліп, топырағын нығыздау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаға сәйкес 1 560 мың.м3 топырақ төселу керек, бүгінгі таңда 501 мың м3 топырақ төселді. Бөгетке дренажный призма толықтай төселді. 119 арнайы техника жұмылдырылып, 130 жұмысшы жұмыс жасауда. Республикалық бюджет есебінен 2,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоба құны 6,1 млрд.тг.  

Шошқакөл көлдік жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша - Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Республикалық бюджеттен 1,5 млрд.тг қарастырылды. Бүгінгі таңда, 6 шақырым дамбы көтеріліп, 95 мың м3 топырақ төселді. 38 арнайы техника мен 96 жұмысшы  жұмыс жасауда. Жоба құны 2,5 млрд.тг.

image.png

Кеңес Үкіметі кезеңінен «Арыс-Түркістан массивінде жарамсыз болып қалған 134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіре отырып 34,7 млн. м3 қосымша ағын сумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша – 42 дана тік ұңғыманың қайта қазу, тазалау жұмыстары толықтай аяқталды.  8 арнайы техника мен 30 жұмысшы  жұмыс жасауда. Жоба құны 2,7 млрд.тг.

«Түркістан магистралды каналына Сырдария өзенінен машиналық әдіспен су беру құрылысын жүргізу жобасы бойынша - ТЭН жұмыстары әзірленіп мемлекеттік сараптамаға жолданған. ЖСҚ жұмыстарының 80 % дайын. Жоба құны – 14,8 млрд.тг. Жобасы аясында 80 млн. м3 ағын су жеткізіледі.

Бұдан бөлек, 13 каналға күрделі жөндеу (Кентау - 7 нысан (Р-28-1, Р-29, Р-29-1, Р-29-2, Р-30, Р-39-1, Оң жағалау), Сарыағаш – 2 нысан (Қожахан, Сұрым), Келес – 1 нысан (Араншы-1), Сайрам – 1 нысан (Көтерме), Отырар – 1 нысан (Р-1),  Созақ – 1 нысан (Суындық), 4 канал ағымдағы жөндеу (Ордабасы - 3 нысан (Қараспан МК, Бөген су қоймасы, Түркістан МК), Арыс – 1 нысан (Арыс МК), жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар 14 каналға жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Нәтижесінде,  42,0 мың га жерді ағын сумен қамтамасыз етуі жақсаратын болады.

Суреттер ашық дереккөзден алыды

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды