Түркістан облысы құрылғалы егіс көлемі 12 мың гектарға артқан

Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені республикада ерекше орын алады. Еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 12%-ы облысқа тиесілі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға егіліп, Түркістан облысы құрылғалы бері егіс көлемі 12 мың гектарға артты. 

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 10,0 мың га артып, 211,1 мың га орналастырылды. Басқа дақылдар өткен жылдың көлемінде орналастырылды. Атап айтқанда:

-Масақты дақылдар 231,0 мың га (-0,7) 

Оның ішінде: 

Бидай – 185,2 мың га, арпа – 45,9 мың га;

-Дәндік жүгері 43,5 мың га (-2,6);

-Мақсары 85,5 мың га (-2,6);

-Мақта 127,3 мың га (-3,9);

-Көкөніс 39,4 мың га (-2,9);

-Бақша 63,4 мың га (+1,9);

-Картоп 14,6 мың га (-0,3).

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, нарықтағы бағамен салыстырғанда 20 теңге арзандатылған бағамен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38,0 мың тн жанар-жағар май бөлініп 22,0 мың тн тауар өндірушілерге босатылды. 

Ал, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 39,2 мың тн жанармай бөлініп, қазіргі таңда жанармай құны төленіп, босату жұмыстары басталды.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды