«42 500 теңгенің» проактивті түрде тағайындалғандығын қалай тексеруге болады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді проактивті форматта тағайындауға өз келісімін растаған азаматтар SMS жібергеннен кейін бірнеше күн ішінде өтінімді қарау статусын тексере алады.

200719133108a3674296d.jpg

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды. Егер сізге «Uvazhaemiy zayavitel IIN ххххххххххх, v sluchaye poteri dohoda s 5 iyulya soglasni proaktivno poluchit 42500 Esli da - otpravte 1, net -2 v techeniye 5 dn.» мәтіні бар sms-хабарлама келіп түссе, осы хабарламаға жауап берген соң бірнеше күн өткеннен кейін сіз eGov.kz порталында egov.kz/services/P6.47/ сілтемесі бойынша өтінімнің статусын тексере аласыз. Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін

- сіздің теңгеріміңіз 1бірліктен аз; 

- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған; 

- баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және mms хабарламалар басымдыққа ие; 

- сигналға байланысты проблема; 

- ұялы байланыс операторларындағы проблемалар. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысы тұрғындар денсаулығын жақсартуда елімізде көш бастап тұр
  • Соңғы тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды
  • Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады
  • Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді
  • Түркістан облысында жағдай тұрақты