«50 мың теңге жәрдемақы тағайындау үшін БЖТ төлеу керек»: Еңбек министрлігі жауап берді

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1594961873fb07383db3cc1311613ad12af1b3f2d5.jpg

"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға "байланыстырылған" жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз" - деді ведомстводағылар.

Сонымен қатар, министрлік жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын еске салды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысы тұрғындар денсаулығын жақсартуда елімізде көш бастап тұр
  • Соңғы тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды
  • Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады
  • Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді
  • Түркістан облысында жағдай тұрақты