Түркістанға жеткізілген дәрілер арнайы алгоритммен таратылады

Screenshot_25.jpg

Қазіргі тағда бүкіл әлемде індет өршіп тұрған заманда халықтың денсаулығы бәрінен де маңызды. Қиын-қыстау кезде мемлекет халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, ауырып қалғанда жағдайда қажетті ем-домын жүргізуі тиіс. Осыған орай, елімізде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басты назарда тұр. 

Бүгін Түркістан облысының әкімдігі халықты дәрілік заттармен дер кезінде қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн теңге қаржы бөлініп, бүгін алғашқы қойылым жасалынып, қажеттілігінше медициналық ұйымдарға, ал қалғаны дәріханаларға таратылды. 

- Өзбекстан республикасынан біраз дәрі-дәрмектер келді. Үш түрлі дәрілер келіп отыр нағыз коронавирусты емдеуге арналған дәрілер.  Барлығы 142 мың қорап дәрі.  Олар дексаметазон,  аскорбин қышқылы дәне гепарин. Бүгіннен бастап түркістан облысының емдеу мекемелеріне таратамыз. Алдағы уақытта тағы дәрінің 11 түрі Түркиядан әкелінеді. Түркиядан келген дәрілерді дәріханаларға қосымша таратамыз, - деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов. 

Басқарма басшысының айтуынша, бұл дәрілер облыстың дәріге деген екі айлық сұранысын жабады. Түркиядан келетін дәрілерлің көбісі антибиотиктер мен температураны түсіретін дәрілер. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша дәрілер арнайы алгоритммен таратылады.

- Дәрілерді арнайы алгортиммен таратамыз. Қалай десеңіз дәріханаға келген кезде дәрінің әр ампуласына мөр қойылады. Дәріхананың мөрі және тегін деген мөр қойылады. Яғни тек қана ауырған пациенттер ғана ала алады. Егер осындай мөрі бар дәрілерді баска бір жерден көрсеңіз шұғыл түрде бізге хабарласыңыз. Сенбі күні Алматыдан Түркістан қаласына 27 миллионға 246 қорапша дәрі келген. Ол дәрілер Түркістан қаласының дәріханаларына таратылатын болады.  Дәрілердің бағасы өспеуін мониторингтік топ бақылайтын болады, - деді Сәкен Қалқаманов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды