Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды

Атырау облысында газ құю станциясының жанында өрт салдарынан көлік жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200711135503538e.jpg

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға Мақат ауданында кеше болған. 

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде сағат 21:40-та «УАЗ» көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Доссор-Атырау» тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» газ құю стансасының қасында 2007 жылы шыққан автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жалынды сөндіруге «Семсер» және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дәмхана түгі қалмай жанып кеткен еді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды