Алексей Цой экс-министр Біртановқа: Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды тілеймін

Бүгін Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

159308686657ku3_1000x768-1000x_.jpg

«Құрметті Елжан Амантайұлы! Ел үшін күрделі осынау кезеңде Сіз коронавируспен күресте алғы шепте жүрдіңіз. Сіздің өңірлердегі және инфекция ошақтарындағы, тікелей халықпен және мамандармен жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіндегі позитивті өзгеріске алып келді. Өкінішке қарай, виру ешкімді аяп жатқан жоқ. Жылдам сауығып, қатарға оралуыңызды шын жүректен тілеймін», - деп жазды А.Цой Facebook-тегі парақшасында. 

Еске салайық, бүгін ҚР Президентінің Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды. Оның алдында Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Биылғы 22 маусым күні А.Цой Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды