Алаңдауға негіз жоқ - Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаңдауға негіз жоқ - Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы

«Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ», - деді А.Үкібай. Мәлім етілгендей, оқшаулану талабына байланысты Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр. «Бұл күндері Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар елдің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Жалпы, бейнеконференция, үкіметтік арнайы байланыс сынды заманауи коммуникация құралдары қолданылып жатыр. Қызметтік құжаттарды жеткізуде де барлық санитарлық нормалар сақталады. Азаматтардың үндеуі мен хаттарын жедел түрде электронды форматта жіберуге тырысамыз», - деді Айдос Үкібай. 

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. 

«Ай басталғалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болды. Елбасы екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми тұлғаларды қабылдады. Оған қоса, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Жалпы алғанда телевизиялық түсірім үшін 40 адам жұмыс істеді, оның ішінде шет елдің азаматтары да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр», - деген болатын А.Үкібай.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды