Алматылықтар медициналық қорға 16 млрд теңге аударған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматылықтар медициналық қорға 16 млрд теңге аударған

«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр. Жинақталған соманың бестен бір бөлігі Алматыға түсіп жатыр. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2020 жылдың 1 қаңтарынан 29-шы мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 16 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 10,9 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 5,2 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім шарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев 

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер санының да артқаны байқалады. Сәуір айында БЖТ төлеген азаматтар саны 1,8 млн болса, мамыр айында бұл көрсеткіш 2,2 млн адамға жетті. Ал, Алматы қаласы бойынша 2019 жылдың басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 170 мыңға жуық адам 230 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды