Шымкентте біреулер көшеде кетіп бара жатқан келіншекті өлімші етіп сабап, зорлап кеткен

Шымкентте белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан келіншекті өлімші етіп сабап, зорлап кеткен. Әйелді жәбірлегендер тіпті оның басынан целофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200611094846403e.jpg

Аталған жантүршігерлік оқиға жайында НеМолчиKZ қоғамдық қорының өкілдері әлеуметтік желіде жария етті. Фейсбук әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратта қылмыстық оқиға 26 мамыр күні орын алғанын хабарлаған. Жәбірленуші кешкісін өз үйіне бара жатқан кезде оған бір топ адам шабуыл жасаған. Олар ұсталған әйелді ұрып-соғып, целлофан пакетпен тұншықтыруған тырысқан. Тісін түк қалдырмай сындырып, жағының үш жеріне жарықшақ түскен. Миы шайқалып, есінен танып қалған. Қылмыскерлер оны өлді деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, әрең дегенде үйіне жеткен. 

«Оның түрін танып болмайды. Бұл жағдайды көрген күйеуі мен балалары жағаларын ұстап отыр. Жәбірленушінің жолдасы егер әйелі қайтыс болған болса, оны тек қана денесіндегі қалы мен киімдері арқылы тануға болатынын айтқан. Зардап шегушінің өзі де ауыр шок алған. Алғашқы күндері ол қорыққаннан қылмыс фактілерін жоққа шығарып, тіс жарып ештеңе айтпады. Және әлі күнге дейін жауап бермеді» делінген қор өкілдерінің парақшасында. Ал, қорға ватсап желісімен жіберілген суреттерге қарап болмайды. Онда келіншектің беті мен денесінде көгерген іздер көп. Ондағы жазбаларда жәбірленушіні қатты ұрғаны соншалық, қабырғалары сынып кеткенін көрсеткен. 

Сондай–ақ, тістері түгел сынып, жақ сүйектері салбырап қалғаны айтылған. Жәбірленуші тек ауырғанды басатын екпемен ғана күнелтіп келе жатқаны жазылған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі б ұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әзірге күдіктілер ұсталмаған. Ресми ақпарат қалалық прокуратураның келісімін алуға жолданған. Дегенмен бұл істі Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды