Бүгін Президенттің қатысуымен Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

f9ab30d026f2f1659a2e12b45e7f075a.jpg

 Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысы 27 мамыр күні сағат 11:00-де өтеді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. 

Жиын Президент баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды