Түркістан облысындағы тағы бір аудан су астында қала жаздады

Түркістан облысы Төле би ауданынының Майбұлақ ауылындағы "Нұр-ата" өзенінінің суы арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1588734262e16be7edfceefecedf57149108bbb431.jpg

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өзен суының арнасынан асу себебі - нөсер жауын. Тасыған өзен ауылдың орталық көшесіндегі көпірді шайып кете жаздаған.

Оқиға 5 мамыр күні болған, шамадан тыс жауған жаңбыр салдарынан ағынмен ілесіп келген ағаштар көпірдің тіректеріне кептелісіп қалған. Жиналған су көпірдің бетіне шығып, тасыған. 

"Осы жағдайға орай аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы елдімекенге барып, өзен суының деңгейін көріп қайтты. Қауіптің алдын-алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмыла бірлесіп, көпірді жедел тазартты. Сонымен қатар, "Нұр-ата" өзенінің бойын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қазіргі таңда елдімекенге төнген қауіп жоқ", - деді аудан әкімдігінде.

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100004876666375%2Fvideos%2F1466788146827060%2F&show_text=0&width=380" width="380" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowtransparency="true" allowfullscreen="true"></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды