«Birgemiz» қорына 23 миллиард теңгеден астам қаржы түсті

2020 жылғы 22 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шоттарында 23 519 784 414 теңге жинақталды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

d429fe8d225f48e94c6a2d4ce77700b0.jpeg

38 800 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмек "Бизнес компания RG" ЖШС-нен келіп түсті. Қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады:

531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК "Фармация" үкіметтік операторына 5 млн дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.)

7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы "Birgemiz" қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.).

105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020 ж.).

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды