АҚШ бір тәулік ішінде коронавирустан болған өлім саны бойынша Италияның қайғылы "рекордын" басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақыттақа дейін АҚШ-та COVID-19-дан 5 926 адам көз жұмған. Ал соңғы 24 сағат ішінде елде 1169 адам коронавирустың құрбаны болды.
Бұл - әлем елдері ішінде бір тәулікте инфекциядан көз жұмғандардың ең көп саны. Бұған дейін "рекордты" көрсеткішке Италия ие болды, онда 27 наурызда 969 өлім тіркелген.
Айта кетейік, COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны миллионнан асты. Қазақстанда 435 адам инфекцияны жұқтырды.