Дәурен Абаев: «Ұлттық кеңес мүшелеріне жалақы төленбейді»

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасының «Ашық диалог» бағдарламасына берген сұхбатында Ел президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына жарты жыл өтпей-ақ не себепті құрамы өзгергенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

0a655e7a3a700e8c.jpg

Министр мемлекет басшысының жанынан құрылған Ұлттық кеңес құрамынан алты бірдей адам қандай себептермен шығарылғаны жөнінде жауап берді.

- «Мен мұны айтарлықтай маңызды өзгеріс дей алмаймын. Ұлттық кеңестегі 44 адамның алтауы ғана ауысты.

Бұл қарапайым ғана жұмыс процесі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - негізгі жұмыспен қатар жүретін қоғамдық жүктеме екенін түсінуіміз керек», - дейді Абаев.

Сонымен қатар, министр мырза қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне осы қызметі үшін еңбекақы төленбейтінін де алға тартты.

- «Бұл қызмет үшін жалақы төленбейді. Бұл жерге тек өз еріктерімен келеді. Сондықтан оны негізгі жұмыспен үйлестіру физикалық тұрғыда да өте қиын», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ауысқан еді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келгенін мәлімдеген болатын. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды