Бердібек Сапарбаев Олимпиада жүлдегерін қабылдап 500 мың теңге сыйақы берді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті қабылдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталына сілтеме берген Infomedia.kz.

image-702x459.jpg

Облыс әкімі дзюдошы мен оның бапкеріне жақында қол жеткізген жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыстады. Өңір басшысы спортшыға алдағы додаларда сәттілік тілесе, дзюдошы да биыл өтетін Токио Олимпиадасында алтын жүлде алуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Елдос Сметов жақында ғана Франция астанасы Парижде өткен өткен Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болған еді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды