«Гарант 24-тің» басшысы халықтың ақшасы қайда екенін айтты

«Гарант 24 ломбарды» әуел бастан халықтың ақшасын жымқыру мақсатында ашылғаны белгілі болды. Бұл туралы Қазнетте жарияланған "Дикий Арман" мен Аслан Мырзабековтың бейнежазбасы себепкер.

Картинки по запросу

Бейнежазбада "Дикий Арман" лақабатымен белгілі криминалист Арман Жұмағалиевтің Молдавияда қашып жүрген «Гарант 24 ломбардының» басшысы Асланды тергеп жатқанын байқауға болады.

"Халықтың ақшасын қайда жібердің. Маған шыныңды айт, әйтпесе, Молдавияда болсаң да, түрмеде болсаң да аяқ-қолыңды сындырамын", -  деп Дикий Арман Асланнан 5 млрд. теңге көлеміндегі ірі сомманы қайда жұмсағанын сұрады.Аслан Мырзабековтың айтуынша ол ешқандай ақшаны көрмеген, бүкіл ақша "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркеповке тиесілі екен. 

Сондай-ақ, Аслан Мырзабеков “Гарант 24 Ломбардына” қоса “ESTATE Ломбардтың да ” Жанболат Есіркеповке тиесілі екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осы бейнежазбадан соң, Аслан Мырзабеков халықтан кешірім сұраған бейнежазба жариялап, артынша ұсталған болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды