Алматыда тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы пара алды деп күдіктелуде

"Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлескен іс - шаралар барысында Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы және оның тергеушісі сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп танылды",-деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов. 

Картинки по запросу

Олар лауазымды тұлғалар бола отырып, өздерінің іс жүргізуіндегі ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатқаны үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеніп отыр. 

"Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады", - деп толықтырды спикер.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды