Түркістанда былтыр экстремистік-террористік сипаттағы 12 қылмыс ашылған

Screenshot_1.jpg

Әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты болдырмау, экстремизммен терроризмге қарсы күрес бүгін қоғамдағы ең өзекті мәселе болып тұр. 

Былтыр Түркістан облысында полицейлердің жүргізген шараларының нәтижесінде, экстремистік-террористік сипаттағы 12 қылмыс ашылған. Сондай-ақ діни сипаттағы 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның барысында 210 кітап пен 1000-нан астам ұялы телефон тәркіленді. Мұндай мәліметтерді бүгін облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков халыққа берген есебінде айтты. Генарал сонымен бірге облыстағы көші-қонға қатысты мәліметтерді де келтірді. 

Өткен жылдың қорытындысымен Түркістан облысында жалпы 164 мың 162 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар уақытша тіркелген.  Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарға 27 млн. 961 мың 221 теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді. 

-Алайда биылдан бастап шетелдіктердің тіркелу тәртібі бойынша заңға өзгеріс енгізілді. Яғни Сіз шетелдіктің келуі, болуы мен оның уақытша тұруы бойынша Көші-қон орталығы қызметкерлерін 3 тәулік ішінде хабардар етуіңіз тиіс. Себебі сіз үйіңізге келген қонақтың немесе жұмыс жасауға келген жұмысшы үшін Қазақстан азаматы ретінде жауаптысыз. Егер осы талаптар орындалмаса сіз ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Екінші жағынан сіз шетелдік қонақтарыңызды ертіп ешқайда сандалмайсыз. Жауапты тұлға ретінде өзіңіз көші-қон орталығына барып, хабарыңызды жеткізуіңіз қажет,-деді облыстың бас полицейі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды