Whatsapp қосымшасын қолданушылар саны 2 миллирдқа жетті

WhatsApp қосымшасы рекорд орнатты.  Аталмыш әлеуметтік желіні әлем бойынша екі миллиард адам қолданады, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме келтірген Oinet.kz.

whatsapp-mobil-app.jpg

«Бұрын тек кездесу кезінде айтылатын құпия әңгімелерді қазір әлемнің кез келген нүктесінде отырып чаттар мен видеоқоңыраулар арқылы жүргізуге болады. Байланыс құралын жиі неғұрлым жиі қолданғандықтан қауіпсіздікті де соғұрлым көп ойлауымыз керек. Біз желіде көп уақыт өткізетіндіктен, әңгімеміздің құпиялылығы да маңызды. Сондықтан WhatsApp-тағы әрбір хабарлама шифрлану арқылы қорғалған. Бұл шифрлау сандық құлып ретінде WhatsApp-тағы ақпараттарды және хакерлер мен қаскүнемдерден қорғайды», - делінген компанияның таратқан хабарламасында. WhatsApp бастапқыда-ақ қарапайым, сенімді және құпия сервис ретінде ойластырылды. Қазіргі уақытта компания құпия байланысты ұсыну идеясын және әлемдегі екі миллиард қолданушының жеке хабарламаларын қорғауды қамтамасыз етіп келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды