«Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға басымдық беріледі

Znalezione obrazy dla zapytania қарапайым заттар экономикасы

Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән берілмек. Әсіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. Қалада жаңа өндіріс орындарын ашу негізінде әсіресе "Қарапайым заттар экономикасын" дамытуға басымдық беріледі.

Жалпы қазірде бағдарлама бойынша 30 шақты жоба қарастырылып жатыр. Оның кейбірі жүзеге асып жатса, кейбірі ЕДБ бақылауында.

Түркістанның кәсіпкерлер палатасына ЕДБ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесіп, кәсіпкерлердің өтінімдерін жедел қарау және өңдеу үшін жұмыс тобының отырыстарын өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Түркістанның кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ЕДБ мен өңірлердің рейтингісін жүйелі түрде жасауды тапсырды. 

Бүгінде Түркістан «Қарапайым заттар экономикасын» жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының саны бойынша 1-орын (66 млрд. теңгеге 186 жоба),ЕДБ қарауында жобалар саны бойынша 1-орын (11,7 млрд. теңгеге 20 жоба), қаражаттың игерілуі бойынша 1-орын (9,1 млрд. теңге), мақұлданған жобалар саны бойынша 6-орында.

Түркістан - қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі. Аймақта жаңа өнеркәсіп орындары ашылып, туризм және жұмыспен қамту салалары қарқынды дамып жатыр. Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды